Алматының 135 мектебінде соңғы қоңырау соғылды

25 Мамыр 2024, 18:37
523
Бөлісу:
Алматының 135 мектебінде соңғы қоңырау соғылды
Фото: gov.kz

Бүгін Алматының 135 мектебінде оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты жиындар өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Биылғы жылы Алматы мектептерін 16 мыңға жуық түлек бітірді. Оның ішінде 433 оқушы «Алтын белгі» белгісіне, 1392 үздік аттестатқа үміткер болып табылады.

Алматыда 337 жалпы білім беретін мектеп, оның ішінде 215 мемлекеттік және 122 жекеменшік мектеп жұмыс істейді. 2023-2024 оқу жылында 1-11 сыныптарда 300 мыңнан астам оқушы оқыды.

Өзгелердің жаңалығы