Алматыда дәрілерді заңсыз жүзеге асырудың 44 фактісі анықталды

18 Шілде 2020, 08:45
1073
Бөлісу:
Алматыда дәрілерді заңсыз жүзеге асырудың 44 фактісі анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының және ҚР Бас Прокурорының тапсырмаларын орындау аясында әрбір ауданда құрамына прокуратураның жедел қызметкерлері, әкімдік, Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің, жергілікті полиция қызметі  өкілдері енген мобильді топтар құрылған және қызмет етуде.

Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Мобильді топтар дәрілік құралдарды заңсыз жүзеге асыру және олардың бағаларының көтерілу фактілерін анықтап, жолын кесу, сонымен бірге, күшейтілген карантин режиміне байланысты басқа да құқықбұзушылықтарды анықтау жұмыстарын жүргізеді. Сонымен бірге, тұрақты түрде әлеуметтік желілер мен БАҚ-қа мониторинг жүргізіледі.

Мониторинг жүргізу барысында Әуезов ауданының прокуратура қызметкерлері танымал Telegram мессенджері арқылы жеке тұлғаның дәрілік құралдарды ("Дексамезон", "Левофлоксан", "Меропенем", "Клексан 0,6")  заңсыз жүзеге асыру фактісін анықтады.

Қорытынды сатып алу нәтижесі бойынша Әуезов ауданының криминалды полицияның жедел әрекет ету қызметкерлері жоғарыда аталған дәрілік құралдарды заңсыз жүзеге асырмақ болған М.есімді азаматты ұстады.  Тергеу шаралары жалғасуда.

Жалпы алғанда, Алматы қаласының мемлекеттік құқық қорғау органдарымен осы сынды 44 құқықбұзушылық анықталды, олардың 16-сы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде. Қалған құқықбұзушылар өкілетті органдармен әкімшілік жауапкершілікке тартылуда.

Тәркіленген медикаменттер ("Левоцин" 100 мл-ден 14 орама, "Ингаверин-90" — 532 орама, "Фраксипарин 0,3 мл" 5 орама, "Азитромицин" 45 орама, "Азитромицин (зомакс)" 98 орама, балаларға арналған "Анаферон" 105 орама, ересектерге арналған "Анаферон" 61 орама, "Гроприносил" 99 орама, "Tamiflu" 8 орама, "Цефазолин" 19 ампула ) және медициналық өнімдер балалар инфекциялық ауруханасына тапсырылғанын атап өткен жөн.

Сонымен бірге, қала дәріханаларында дәрілік құралдардың бағасын заңсыз көтерудің 28 фактісі анықталды, қазіргі уақытта Алматы қаласы бойынша Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті ҚРӘҚтК 426-бабы бойынша 6 субъектті әкімшілік жауапкершілікке тартты, 22 материал қаралуда.

Прокуратура осы салада бұзушылықтар анықталған жағдайда азаматтардан назар аударуды және келесі телефондар бойынша хабарласуды сұрайды.

- дәріханаларда дәрілік препараттар бағасының көтерілу фактілері бойынша Алматы қаласының Прокуратурасы 265-03-03 (кезекші немесе осыған жұмылдырылған көмекшілердің номерлері); 

- дәрілік құралдарды заңсыз жүзеге асыру (алыпсатарлық) фактілері бойынша Алматы қаласы бойынша  Экономикалық тергеу департаменті 279-29-56  және Алматы аласының Полиция департаменті 254-40-42;

- медициналық қызметкерлер тарапынан дәрілік құралдарды заңсыз жүзеге асыру фактілері бойынша Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің департаменті 278-73-00.

Өзгелердің жаңалығы