Алматының кіре берісіндегі кептеліс видеоға түсірілді

26 Мамыр 2020, 12:15
1413
Бөлісу:
Алматының кіре берісіндегі кептеліс видеоға түсірілді
VIDEO

Алматы, BAQ.KZ. Алматының кіре берісіндегі бірнеше шақырымға созылған кептелістің видеосы желіде тарады.

Видео 26 мамыр күні таңертең Алтын Орда базары маңындағы блок-бекетте дронмен әуеден түсірілген.

Кеше Алматы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов көптеген мекеменің жұмысы қайта іске қосылуымен қалаға кіретіндер саны артқанын айтқан еді. Блок-бекеттегі кептелісті  болдырмау үшін көліктерді тексеретін полиция қызметкерлерінің қатары да артатынын айтқан.
Қазір сырттан келіп жұмыс істейтін 250 мыңдай адам мәліметтер базасына енгізілген. Оның үстіне, саяжайға баратындарға рұқсат берілген. Соның бәрі блок-бекетте үлкен кептеліс тудырып отыр. Дегенмен қалаға арнайы рұқсаты бар адамдар ғана кіргізіледі,-деді әкім орынбасары.



Өзгелердің жаңалығы