Алматыны абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр

17 Мамыр 2023, 14:41
782
Бөлісу:
Алматыны абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр
PHOTO
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматы қаласында қаланы көріктендіру мақсатында көпжылдық және біржылдық өсімдіктерді отырғызу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Абаттандыру жұмыстары 185 мың шаршы метрді құрайды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі. 

Биыл көпжылдық гүлдерді 15 мамырға дейін, біржылдық өсімдіктерді 10 маусымға дейін отырғызады. Ал баданалы өсімдіктер қазан және қараша айларында егіледі. 

Биыл қаланы декоративті көгалдандыру жұмыстарына 400 маман мен 50 бірлік техника жұмылдырылды.

Алматының көрікті жерлері мен жол жиектеріне раушан, қызылкүрең, коламбус, абба, лаванда, сәлбен, қазтамақ, гортензия және өзге де декоративті өсімдіктер отырғызылады. 

Алматыны абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр

Ал жол жиектеріне маусымдық гүлдерден соң келесі маусымда өсіп шығатын гүл түптерін отырғызу ыңғайлы болуы үшін біржылдық өсімдіктер егіледі. Көпжылдық өсімдіктер үлесін 60%-ға жеткізу жоспарланған.

Гүлдер климаттық жағдайларға, көлемі мен қалпына, гүлзарлардың көлеміне және сәндігіне қарай таңдалды.

Өзгелердің жаңалығы