Алматылықтардың жер сілкінісіне дайындығы тексеріледі

19 Сәуір 2023, 22:18
887
Бөлісу:
Алматылықтардың жер сілкінісіне дайындығы тексеріледі
Фото: © iStock

Ертең сағат 11:00-де Алматыда жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық оқу-жаттығу өтетін болады. Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті мегаполис тұрғындары мен қонақтарына түсіністікпен қарап, сабырлық сақтауды сұрайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұндай сейсмикалық оқу-жаттығу жылына екі рет өткізіледі. Тоқсан сайын қалада сейсмикалық оқу-жаттығулар өткізілсе, биылдың өзінде 2,8 мыңнан астам сейсмикалық оқу-жаттығулар өткізілді.

Алдағы жалпықалалық сейсмикалық жаттығуға алдын ала дайындық жүргізілуде. Мәселен, ертеңнен бастап телеарналар мен радиоарналарда хабарландыру басталады, алматылықтар оқу-жаттығуға қатысты эвакуациялау туралы ақпараттандырылып, ұсыныстар беріледі. Сейсмикалық оқу-жаттығу күні теле және радиоарналар сиреналық қондырғыларды іске қосу арқылы қалалық ескерту жүйесі іске қосылады, "Дармен" мобильді қосымшасы арқылы push-хабарламалар жіберіледі, - деп хабарлайды Алматы қалалық ТЖД өкілдері.

Сонымен қатар жер сілкінісі кезінде халықтың іс-әрекеті бойынша жадынамалар тарата отырып, төтенше жағдайға байланысты дабыл дорбасы жасақтау бойынша оқыту тренингтері өткізілетін болады.

Сейсмология институтының болжам комиссиясының мәліметінше, жыл соңына дейін қалада 7 және одан да көп балдық жер сілкінісі күтілмейді. Сондықтан жүргізіліп жатқан қалалық сейсмикалық дайындық жер сілкінісін күтілуіне байланысты емес, - деді ведомстводан.

Еске салайық, Алматы қаласы 9-10 баллдық сейсмикалық аймақта орналасқан. Жыл сайын қалада 200-ге дейін әлсіз, сезілмейтін жер сілкінісі болады. Бұл ретте күші 2-ден 4 балға дейінгі жер сілкінісі Алматы үшін фондық режим деп саналады.

Өзгелердің жаңалығы