Алматылықтар референдумға қатысып, кітап оқи алады

6 Қазан 2024, 11:03
1099
Бөлісу:
Алматылықтар референдумға қатысып, кітап оқи алады
PHOTO
Фото: автордан

Алматыда «Оқыңыз және дауыс беріңіз» атты хэштегпен референдум учаскесі құрылған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

№365 референдум учаскесіне дауыс беруге келгендер кітап оқып, «Референдум: демократия және азаматтық таңдау негізі» атты кітап көрмесімен таныса алады.

Алматылықтар референдумға қатысып, кітап оқи алады
Алматылықтар референдумға қатысып, кітап оқи алады

№365 референдум учаскесі №6 кітапханада орналасқан. Бұл учаскенің ерекшелігі – бізге келген қатысушы кітапханаға жазылып, өзіне қажетті кітаптарды ала алады. Тіпті үйлеріне алып кетуге болады. Оқырмандар үшін барлық жағдай жасалған. Мәселен, бүгін келген екі дауыс беруші кітапханамызға жазылып, өздерімен бірге ұнатқан кітаптарын алып кетті. Сондай-ақ біздің кітапхана ұжымы референдумға байланысты «Референдум: демократия және азаматтық таңдау негізі» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Бұл жерге ҚР "Сайлау туралы" заңы, ҚР Конституциясының 10 жылдығына байланысты өзгертулер мен толықтырулар енгізілген кітап қойылды. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі сайлаушыларға арналған сайлау туралы жадынама бар. Сондай-ақ кішкентай оқырмандарға “Сен азаматсың” атты кітапты ұсындық, - деді №6 кітапхана меңгерушісі Балнұр Қадырбекова.

Алматылықтар референдумға қатысып, кітап оқи алады
Алматылықтар референдумға қатысып, кітап оқи алады
Өзгелердің жаңалығы