Алматылықтар көше атауларын қалауынша өзгерте ала ма?

7 Қыркүйек 2023, 11:26
1194
Бөлісу:
Алматылықтар көше атауларын қалауынша өзгерте ала ма?
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Жетісу ауданының тұрғыны қала әкіміне көшенің атауын өзгертуге өтініш білдірді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты.

Бізде Жайсаң көшесі бар. Бұл әдемі атау, бірақ оның бұрынғы атауы Победа болатын. Жергілікті тұрғындар бұл атауды қайтарғысы келеді. Біздің өтінішімізді орындай аласыздар ма?, – дейді қала тұрғыны.

Қала әкімі тұрғынның сұрағына жауап берді. Заң бойынша көше, қала атауы 10 жыл бойы өзгермейтінін атап өтті. 

Көшенің атауын өзгерту жайлы өтініштеріңізді ономастика бөліміне хабарласып шеше аласыздар. Дегенмен заң бойынша қала, көше, аудан атауын 10 жыл бойы өзгертуге болмайды. Көше атауларын тұрғындар өзі шеше ала ма деген заң қаралуда. Егер бұл заң мақұлданса, қажетті өтініштер мен қолдарды жинап, қалалық ономастикалық комиссияға өтініш беріп, көше атауын өзгертуге болады. Сол себепті заңның өзгеруін күтуге тура келеді, – дейді қала әкімі.

Өзгелердің жаңалығы