Алматылықтар кітапханада шетел тілдерін тегін үйреніп жатыр

27 Қараша 2023, 17:27
432
Бөлісу:
Алматылықтар кітапханада шетел тілдерін тегін үйреніп жатыр
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматы кітапханаларында түрік, ағылшын, неміс, француз және қытай тілдерін тегін оқып үйренуге болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мұндай ерекше мүмкіндікке кітап әлемінің әуесқойлары - балалар да, ересектер де ие. Тіл үйренуге ниет білдіргендерге сабақты университет оқытушылары, елшілік өкілдері мен еріктілер жүргізеді. Мәдениет басқармасы қала кітапханалары кітап оқуға деген қызығушылықты ояту және келушілердің танымдық іс-әрекетін ынталандыру үшін белсенді жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

Алматылықтар кітапханада шетел тілдерін тегін үйреніп жатыр

Біз қоғамның жан-жақты дамуына және мәдениетаралық түсіністікті нығайтуға ықпал ететін шығармашылық бастамаларды белсенді қолдаймыз. Мамандар оқырмандар үшін әдеби викториналар, авторлармен кездесулер, түрлі тақырыптық байқаулар өткізіп қана қоймай, кітап және тіл үйірмелерін ұйымдастырып жүр. Айта кетерлігі, 4000-ға жуық адам шетел тілі курстарынан өткен, бұл негізінен 5 жастан 17 жасқа дейінгі балалар. Осылайша, біз өскелең ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға байланысты Мемлекет басшысы міндеттеген тапсырманы орындап жатырмыз. Жалпы кітапханаларда цифрландыру, кітап қорын жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілуде және бұл мәселелер қала әкімінің ерекше бақылауында, – деді Алматы қаласы мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев. 

Қазір мектеп жасына дейінгі балалар да ата-аналарымен бірге «Onay English», «English for children», «Mama&me» және «Read-ka» жобаларына қатысуда. Айта кетерлігі, Алматы кітапханалары қазақ тілін үйренемін және жетілдіремін дейтін оқырмандар үшін де қолайлы жағдай жасаған: қазақ тілінде көркем жазу, дұрыс сөйлеу және шешендік өнерге баулуға бағытталған жобалар жүзеге асуда.

Алматылықтар кітапханада шетел тілдерін тегін үйреніп жатыр

Кітапханалар желісі ұсынған жаңалықтардан шет қалмау және тіл курстарына қатысты қосымша ақпарат алу үшін қала кітапханаларының Instagram-дағы ресми парақшасына @library.almaty жазылуға болады.

Өзгелердің жаңалығы