Алматылық жүргізушілерге пайдалы telegram канал ашылды

17 Шілде 2023, 17:51
632
Бөлісу:
Алматылық жүргізушілерге пайдалы telegram канал ашылды
Фото: Артём Чурсинов - архив

Қала әкімдігі Алматыдағы жолдың жайына қатысты жаңа ақпараттық ресурс ашты, деп хабарлайды BAQ.KZ әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Telegram платформасында Almaty_Joly жаңа арнасы пайда болды (https://t.me/AlmatyJoly). Онда аудандық маңызы бар көшелер мен магистральды жолдарды жөндеу кезіндегі қаладағы көлік қозғалысын ұйымдастыру туралы барлық ақпарат жиналған. Арнадағы мәліметтер қалалық мобильділік басқармасы берген өзекті деректер негізінде жазылады, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Бұған қоса, Алматы әкімдігі 2ГИС сервисі арқылы қала тұрғындарын жол жөндеу жұмыстары жайлы құлақтандыруға қол жеткізді. Қосымшадан пайдаланушылар қаладағы жабылған көшелер мен жол жұмыстарын біле алады.

Жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан аумақтар туралы соңғы ақпарат қала әкімдігі мен қалалық мобильділік басқармасының ресми парақшаларында да қолжетімді.

Өзгелердің жаңалығы