Алматылық спортшы оқ атудан әлем чемпионы атанды

1 Қыркүйек 2023, 04:28
392
Бөлісу:
Алматылық спортшы оқ атудан әлем чемпионы атанды

Оқ атудан ISSF World CHAMPIONSHIP 53-ші әлем чемпионатында алматылық спортшы Александра Сәдуақасова қозғалыстағы нысанаға атудан әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.

Әлем чемпионаты 14-29 тамыз аралығында Бакуде өтті. Оған 101 елден 1 249 спортшы қатысты.

Чемпионатта Қазақстан атынан Александра Сәдуақасова, Зухра Ирназарова және Фатима Ирназарова қатысты.

Қыздар өте жоғары нәтиже көрсетті. Әрқайсысы өзінің жеке рекордын орнатты және кейбір жаттығуларда Қазақстанның рекордын растады. Жастары юниорлар санатына жатқанымен, олар әлем чемпионы атағын ересектер санатында жеңіп алды. Келесі Азия ойындарында олар сол құрамда өнер көрсетеді және біз тағы алтын аламыз деп ойлаймын, - деді әлем чемпионы Александра Сәдуақасованың жаттықтырушысы және жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры Андрей Гуров.

Қазақстандық спортшылар барлығы жекелей сында 2 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль және командалық есепте 1 алтын медаль жеңіп алды.

Өзгелердің жаңалығы