Алматылық Қорғаныс министрлігіне жұмысқа орналастырам деп 100 мың доллар сұраған

19 Маусым 2023, 16:43
535
Бөлісу:
Алматылық Қорғаныс министрлігіне жұмысқа орналастырам деп 100 мың доллар сұраған
Фото: Артём Чурсинов

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бизнесті қорғау аясында Тараз қаласының тұрғынын алаяқтық және пара беруге итермелеу күдігі бойынша ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол мемлекеттік органмен мәселені шешу сылтауымен шетелдік компанияның өкілін жаңылыстырып, жоғары лауазымды тұлғалармен кездесуді ұйымдастыруға көмектескені үшін 200 000 АҚШ доллары көлемінде ақша қаражатын иемденген. 

Сонымен қатар, күдікті келісімшартқа қол қойылған жағдайда келісім сомасының үш пайызы мөлшерінде ақша талап еткен. Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алаяқтық жасады деген күдікпен Алматы қаласының тұрғынын ұстады. 

Ол Қорғаныс министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымына жұмысқа орналасу мәселесін шешуді сылтауратып, іс жүзінде ниеті жоқ бола тұра 100 000 АҚШ долларын талап еткен. Ақшаны алғаннан кейін аталған күдіктілер ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды, - делінген хабарламада.

ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Өзгелердің жаңалығы