Алматылық оқушылар сырқатқа диагностика жасайтын қосымша әзірледі

18 Наурыз 2023, 18:20
711
Бөлісу:
Алматылық оқушылар сырқатқа диагностика жасайтын қосымша әзірледі
Фото: Оқу ағарту министрлігі

Жасанды интеллект платформасы сырқатқа диагностика жасап, тиісті дәрі-дәрмектерді тағайындауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды BAQ.KZ.  

Жас өнертапқыштардың айтуынша, «dAIgnosis» қосымшасы медициналық оқу орындарының студенттеріне көмекке арналған. 

Біз сырқатты нақты белгілермен анықтауды жасанды интеллектке нөлден бастап үйреттік. Немесе томография немесе рентген арқылы біледі. Сондай-ақ жасанды интеллект адамның медициналық тарихын ескере отырып, дәрі-дәрмектерді тағайындайды. Біз медицина саласының студенттерімен де кездестік, олардың біздің өнімге деген қызығушылығы бар. Ең маңыздысы біздің қосымшаны тек медициналық білімі бар адамдар ғана қолданғаны дұрыс, - дейді Алматы қаласы РФММ-нің 11 сынып оқушысы Артур Кнабик. 

Айта кетейік, бір күн бұрын Алматы қаласы РФММ оқушылары миллион теңге ұтып алды. Оны өз қосымшаларын дамытуға жұмсамақшы. 

Жас өнертапқыштар енді медицина университеттері мен колледждерге барып, өз жұмыстарын көрсетуді жоспарлап отыр.

Өзгелердің жаңалығы