Алматылық 178 отбасы баспаналы болды

1 Қыркүйек 2023, 16:55
700
Бөлісу:
Алматылық 178 отбасы баспаналы болды
VIDEO
Фото: автордан

Алматыда көпбалалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік осал топтарына пәтер кілті табысталды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Пәтер Түрксіб ауданына қарасты «Жас қанат» шағынауданынан берілді. Көп пәтерлі тұрғын үйдің маңынан жаңа мектеп ашылып, қолданысқа берілген. Үй дайын болғанымен, аумақта әлі абаттандыру жұмысы жүргізіліп жатыр. Әзірге спорт және балалар алаңы жабдықталған, дайын. Ал жақын арада балабақша қолданысқа беріліп, демалыс орындары салынбақ.

Қала әкімнің тапсырмасымен пәтер кілті табысталып жатыр. Бүгін 178 адам қоныстойын тойлады. Мемлекеттік кезекте әртүрлі жылдарда кезекке тұрған адамдар бар. «Жас қанат» шағынауданында жаңа мектеп салынды. Балабақша келесі жылы қолданысқа беріледі. Бұл пәтер жалдамалы, ай сайын 25-30 теңге төлеп отыру керек. Мәжілісте жаңа заң жобасы қарастырылып жатыр, тұрғындарға пәтерді сатып алуға, жекешелендіруге мүмкіндік беру қарастырылып жатыр,– дейді Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Ғалымжан Әбдішүкірұлы.

Алматылық 178 отбасы баспаналы болды

Үй алу үшін әкімдіктің кезегінде 13-15 жыл тұрған азаматтар қоныстойын тойлады. Тұрғындар ұзақ жыл күткен қуанышын жасырмады.

Балаларымның бағына бір бөлмелі пәтер алдық. Он бес жыл тостық осы қуанышты. Қыздарым мен балаларым да қуанышты. Қыздарым 3-4 жасында кезекке тұрдық, балалардың алды 19-20-ға келді. Енді, міне, көптен күткен арманым орындалды. Өз үйім – өлең төсегім, – дейді тұрғын. 

Алматылық 178 отбасы баспаналы болды

Еске сала кетсек, тұрғын үйдің құрылысы 2021 жылы «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық дамуының 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес басталған еді. Кезекте тұрған жандарға пәтер кезең-кезеңімен беріледі. Алматы қаласы бойынша баспана кезегінде 41 мыңнан астам адам тұр.

Өзгелердің жаңалығы