Алматылықтарға ағаш көшеттері таратылды

14 Қараша 2020, 14:33
1611
Бөлісу:
Алматылықтарға ағаш көшеттері таратылды
PHOTO

Алматы, BAQ.KZ.  Алматы бойынша Жасыл экономика басқармасының мамандары қала тұрғындарының тұрғылықты мекенжайына ағаш көшеттерін жеткізіп берді, оны тұрғындар өздері отырғызады.

Көшеттердің қатарында катальпа, шетен, емен, сумах, жаңғақ, үйеңкі мен акация ағаштары бар. Алматылықтар жапырақты тұқымдастарының жалпы 194 көшетін алды.

Сонымен қатар қала тұрғындарына ағаштарды отырғызуға байланысты кеңестер мен нұсқаулықтар берілді. Белсенділер қаланы қашан және қай жерді көгалдандыру жайлы келісіп қойды. Олардың кейбірі көшеттерді бірден отырғыза бастады. Мысалы, Шұғыла шағын ауданының тұрғыны көшетке орын дайындап, ағашты бірден отырғызып қойды.

прос.jpeg

Алатау мен Әуезов аудандарының тұрғындарына жергілікті әкімшілік көмектеседі. Көшеттерді алған тұрғындардың ішінде балалар да болды. Олар қуана-қуана көшеттерге орын дайындап, ағаштарды отырғызды. Ж. Жиембаев атындағы Қазақстан өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының ормандар мен ағаш екпелерін қорғау тобының жетекшісі Нұржан Мұхамадиев күзгі отырғызу ауа райының аязды кезінде тиімді болатындығын атап өтті.

Ағаштар топырақ түйірімен отырғызылады. Ылғалдылық пен қар ағаш отырғызу кезінде пайдалы. Кесек азайған кезде ылғалданады, ал бұл өте жақсы әсер етеді. Сондықтан да жапырақты тұқымдастарының төмен температура кезінде отырғызудың еш зияны жоқ, – дейді ол.
Ертең де 357 көшеттер жеткізу жоспарланған. 
Өзгелердің жаңалығы