Алматылықтарға маска кию міндеттелді

24 Мамыр 2020, 15:55
1987
Бөлісу:
Алматылықтарға маска кию міндеттелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша қалада масқалық режим мен әлеуметтік арақашықтықты сақтаудың маңыздылығын түсіндіру үшін арнайы топ құрылды.

Almaty.tv арнасының хабарлауынша, қаладағы Алмалы, Бостандық, Медеу, Жетісу, Наурызбай және Алатау аудандары бойынша құрылған арнайы топ құрамына кірген әкімдік, полиция, медицина қызметкерлері мен волонтерлар қала тұрғындарын карантин режимін сақтауға, сондай-ақ ең алдымен медициналық маска тағып жүруге шақырады. 

Қазіргі таңда шаһардағы әрбір ауданда құрылған арнайы топтар халық шоғырланған жерлерде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы