Азаматтарға сақтық шараларын түсіндіру жұмыстары күшейтілді

24 Мамыр 2020, 15:13
1710
Бөлісу:
Азаматтарға сақтық шараларын түсіндіру жұмыстары күшейтілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының полициясы әкімдік қызметкерлерімен бірлесіп, халықты карантин нормаларын сақтау бойынша ақпараттандыруды күшейтуге бағытталған рейдтік шараларды бастады.

Біріншіден, бүгінде азаматтарды жеке қорғаудың негізгі құралдарының бірі болып саналатын маска тағу міндетті екені туралы айтамыз. Адамдардың көбісі карантин режимін сақтауды мүлдем қойды. Олар медициналық маскаларын шешіп тастады, анда-мында қонаққа барады. Сонымен қатар, қолды жиіп жуып тұру, антисептик пайдалануды ұмыта бастады. Қаншалықты дөрекі көрінсе де, бұл короновирустық инфекцияның таралуына тікелей әсер ететін факторлар. Бұлинфекция таралуыүшін қолайлы орта.  Осыған байланысты қала билігі азаматтардың жаппай жүретін орындарында және қоғамдық көліктерде ақпарат таратуды күшейтті.  Бүгін таңертең полиция қызметкерлері мен облыс әкімдіктерінен ондаған мобильді топтар құрылды,  - деп хабарлады Алматы қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Нұрлан Алмасбеков.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары маска режимін, әлеуметтік қашықтықты және карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Бұл сіздің және жақындарыңыздың денсаулығының қауіпсіздік кепілі.

Өзгелердің жаңалығы