Алматыға күн сайын бір Латвияның автопаркі «кіреді»

17 Қазан 2023, 18:11
950
Бөлісу:
Алматыға күн сайын бір Латвияның автопаркі «кіреді»
Фото: Артём Чурсинов - архив

Полиция департаментінің мәліметінше, 10 негізгі магистраль бойынша Алматы аумағына жұмыс күндері орта есеппен 400 мыңнан астам автомобиль кіреді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстан қалаға кіретін қосымша 17 жолмен 300 мыңнан астам көлік келеді. Осылайша, Алматыға 700 мыңнан астам машина кіреді, бұл шамамен қала халқының үштен бірі – 2,147 млн адам. Бұл 2023 жылғы 6 қазанда жұма күні «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені арқылы көшелерді бақылау негізінде алынған деректер.

Алматыға жұмыс күндері келетін жеке көліктің санын бүкіл елдің автопаркімен салыстыруға болады. Латвияда халық саны 1,891 миллион адам. Бұл ретте, елде 730 мыңға жуық автокөлік тіркелген. Былайша айтқанда, облыстан Алматыға үнемі бүкіл Латвия «кіреді». Жергілікті деңгейде есептесек, бұл Батыс Қазақстан облысының 5 (134 172 көлік) немесе Астананың 2 автопаркі (326 мыңнан астам көлік тіркелген) деген сөз.

Сырттан кіретін көліктермен қоса, Алматының өзінде 617 мыңға жуық автомобиль тіркелген. Бұған облыстан келетін 400 мыңнан астам көлікті қосқанда, мегаполис көшелерінде 1 млн 100 мыңнан астам машина жүреді. Басқаша айтсақ, бұл қаламыздың әрбір екінші тұрғыны көлік тізгіндегендей жағдай.

Айта кетейік, бұл деректер «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені арқылы Алматы қаласының аумағында жүретін автокөлікті талдау негізінде алынды.

Өзгелердің жаңалығы