Алматыға 257 км шақырым аумақта жер сілкінісі тіркелді

19 Мамыр 2024, 09:06
408
Бөлісу:
Алматыға 257 км шақырым аумақта жер сілкінісі тіркелді

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 19 мамыр күні сағат 05:45-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.5. MPV магнитудасы - 5.0. Жер сілкінісінің координаттары 41.75° с.е. 79.35° ш.б. Тереңдігі - 5 км.

Қазақстан Республикасының аумағында сезілуі (MSK-64 шкаласы бойынша) туралы ақпарат - жоқ.

Өзгелердің жаңалығы