Алматыдан 522 шақырым жерде жер сілкінісі болды

13 Наурыз 2024, 13:22
3722
Бөлісу:
Алматыдан 522 шақырым жерде жер сілкінісі болды

ТЖМ қарасты Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының станциялар желісі 13 наурыз күні 11 сағат 49 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 522 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқаны белгілі болды.

Жер сілкінісінің энергетикалық санаты: 9.9. MPV 
MPV магнитудасы: 4.5.
Эпиошақ координатасы: 38.79° С. Е. 74.76°ш.б.
Тереңдігі: 0 км.
MSK-64 шкаласы бойынша сезілуі туралы деректер: Қазақстан аумағында сезілген жоқ.

Өзгелердің жаңалығы