Алматыдан 456 шақырым қашықтықта жер сілкінді

28 Желтоқсан 2021, 18:25
1155
Бөлісу:
Алматыдан 456 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 28 желтоқсан күні 13 сағат 14 минутта жерасты дүмпуін тіркеді, деп жазды «Хабар 24». 

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 456 шақырым қашықта, Қытай аумағында орналасқан. 

Жер сілкінісінің магнитудасы – 3.9. Тереңдігі – 5 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат жоқ.

Өзгелердің жаңалығы