Алматыдан 300 шақырым жерде жер сілкінді

Жерасты дүмпуі Қазақстан аумағынан тыс жерде тіркелген.

 istockphoto.com Бүгiн 2026, 15:49
Бүгiн 2026, 15:49
143
Фото: istockphoto.com

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай шамамен 300 шақырым жерде жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпуінің ошағы Қырғызстан аумағында орналасқан.

24.kg таратқан ақпаратқа сәйкес, Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясы жанындағы Сейсмология институтының мәліметінше, жер сілкінісі 24 мамыр күні жергілікті уақытпен сағат 9:50-де тіркелген.

Жерасты дүмпуінің ошағы Байбиче ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 13 шақырымда және Манас қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 95 шақырым жерде орналасқан. Бұл Алматыдан оңтүстік-батыс бағытта шамамен 300–350 шақырым қашықтық.

Байбиче және Қара-Дөбе ауылдарында жер сілкінісінің күші 2 балл болған.

Қазіргі уақытта жер сілкінісінің Қазақстан аумағында сезілгені туралы ақпарат түскен жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Түркияда жер сілкінгені туралы жаздық.

Наверх