Түркияда жер сілкінді

Жерасты дүмпуі Мугла провинциясындағы Датча ауданында сезілген

 pexels.com Бүгiн 2026, 09:12
Бүгiн 2026, 09:12
126
Фото: pexels.com

Түркия Үкіметі жанындағы табиғи апаттардың салдарын жою басқармасының – AFAD мәліметінше, 23 мамыр күні Эгей теңізінде магнитудасы 4,3 болатын жер сілкінісі тіркелді.

Oxu.Az мәліметінше, жерасты дүмпуі Мугла провинциясындағы Датча ауданында сезілген.

Жер сілкінісі жергілікті уақытпен сағат 16:34-те тіркелген. Жерасты дүмпуінің ошағы 12,4 шақырым тереңдікте орналасқан. Ал эпицентрі Эгей теңізінде, Датча ауданынан шамамен 135 шақырым қашықтықта болған.

Наверх