+41°C-қа дейін ыстық және нөсер жаңбыр: Синоптиктер ауа райы туралы ескертті

Синоптиктердің мәліметінше, елдің батысында, шығысында және оңтүстік-шығысында жауын-шашын жауады.

Бүгiн 2026, 15:02
АВТОР
 ©BAQ.KZ архиві/ЖИ - Ерболат Бекболат Бүгiн 2026, 15:02
Бүгiн 2026, 15:02
302
Фото: ©BAQ.KZ архиві/ЖИ - Ерболат Бекболат

Қазақстанда 7-9 шілде аралығында тұрақсыз ауа райы сақталады. Елдің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, ал кейбір аймақтарда нөсер жаңбыр жауып, дауыл тұрады және бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің мәліметінше, елдің батысында, шығысында және оңтүстік-шығысында жауын-шашын жауады. 7-8 шілдеде республиканың солтүстігі мен орталығында да жаңбыр жауады деп болжанған.

Қатты жаңбыр күтілетін күндер мен аймақтар:

  • 7 шілдеде – орталық және шығыс өңірлерде;

  • 8 шілдеде – батыста және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында;

  • 9 шілдеде – елдің батысында.

Бұдан бөлек, батыс, оңтүстік және шығыс облыстарда жел күшейеді деп болжануда. Найзағай кезінде дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал.

Сонымен қатар, бірқатар аймақтарда ауа температурасының айтарлықтай көтерілуі күтіледі. Елдің солтүстік-батысы мен орталығында ауа температурасы +35…+39°C-қа дейін ыстық болады, ал кей жерлерде термометр бағандары +41°C-қа дейін көтерілуі мүмкін.

Қазақстанның солтүстігінде де аптап ыстық +35…+38°C-қа дейін жетеді деп болжануда.

Елдің қалған аумақтарында ауа райында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.

Еске салайық, бұған дейін Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстанда жаз ыстық болатынын айтты

2026 жылғы маусымда Қазақстанның қай өңірлерінде құрғақшылық болатыны да хабарланды

Наверх