Алматыдағы жылу желілерінің жартысынан көбі тозып кеткен

23 Қараша 2023, 12:02
428
Бөлісу:
Алматыдағы жылу желілерінің жартысынан көбі тозып кеткен
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Магистральдық құбырдың тозуы 105,14 км және тарату желілерінің тозуы 699,35 км тең, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі. 

Бұл туралы «Алматы жылу желілері» ЖШС баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Пайдалану мерзімі 25 жылдан асатын жылу желілерінің үлесі 59,2% немесе жалпы ұзындығының (1359,88 км) 804,5 шақырымына тең. Желілердің ішінен магистральдық құбырдың тозуы 105,14 км және тарату желілерінің тозуы 699,35 км құрайды. Жыл сайын кәсіпорын магистральдық және тарату желілерінде қайта құру, сондай-ақ ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жылуаралық маусымда «АлТС» ЖШС шамамен 9,1 км жылу желілерін реконструкциялады, бұл тозған құбырлардың көлемін 0,6%-ға азайтты, – дейді «Алматы жылу желілері» ЖШС.

Алматының Жетісу ауданында Серіков көшесі, 2а, оңтүстігінде ҮАК бойымен өтетін жылу трассасы учаскесінің бірінде жарылыс болды.

Штаттан тыс жағдай 2011 жылы дәнекерленген тораптағы ақаудан туындаған. Диаметрі 1000 мм болатын жарылған құбырды «Алматы жылу желілері» ЖШС апаттық бригадасы шұғыл түрде ауыстырып жатыр.Тұтынушыларға жылу және ыстық су төмендетілген параметрмен беріліп отыр. Аталған ауданда тұратын алматылықтар мен қала қонақтарының уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауын сұраймыз, – дейді «Алматы жылу желілері».

Өзгелердің жаңалығы