Алматыдағы жолайрықтың бірінде жол қозғалысы өзгертілді

24 Желтоқсан 2021, 21:38
1167
Бөлісу:
Алматыдағы жолайрықтың бірінде жол қозғалысы өзгертілді

Алматы, BAQ.KZ. Алматы әкімдігі Тілендиев көшесі мен Рысқұлов даңғылы қиылысындағы жол қозғалысына өзгеріс енгізілгенін мәлімдеді.

Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысындағы жол айрығы бойымен көлік қозғалысы ашылғаннан кейін қосалқы көшелер мен қиылыстардағы жол қозғалысына тестілік режимде өзгерістер енгізілген болатын.  Аталған жұмыстар аясында Тілендиев көшесі қиылысындағы бағдаршам нысаны сөндірілді. Бұл шаралар Рысқұлов даңғылының өткізу қабілетін арттыруға бағытталған, – делінген хабарламада.  

Көрсетілген аумақта стандарттарға сәйкес қиылыстан шығысқа қарай 250 м, батысқа қарай 150 м қашықтықта жолүсті және жоласты жолаушылар өткелі орналасқан.  

Қалыптасқан көлік жағдайы мен жергілікті тұрғындардың өтініші бойынша аталған қиылыстағы көлік қозғалысына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды. Рысқұлов даңғылын кесіп өту үшін Немирович-Данченко көш. шығысқа қарай бағдаршам іске қосылады. Немирович-Данченко  көшесі бойымен көлік қозғалысы кезінде солтүстік бағытта тіке, солға және оңға жүруге мүмкіндік жасалады,  Оңтүстік бағытта Жаңаарқа көшесімен қозғалыс кезінде тек оңға бұрылуға болады, – делінген хабарламада.

Бағдаршам осы режимде 2022 жылғы қаңтардың аяғына дейін жұмыс істейді.  Осы аралықтағы көлік қозғалысы жағдайы туралы есеп алынғаннан кейін аталған аумақ үшін оңтайлы көлік қозғалысы режимі бекітілетін болады.  

Аталған шаралардың негізгі мақсаты - жол қозғалысы қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол желісінің өткізу қабілетін арттыру.

Өзгелердің жаңалығы