Алматыдағы жол апаты ісі: Сотта экс-полицейдің жүргізушісі Әсет Жақсылықовтың аты аталды

Куәгер экс-полицейдің жүргізушісін танитынын растады. Алайда маңызды сұрақтарға нақты жауап бере алмады.

Бүгiн 2026, 15:51
АВТОР
 видеодан алынған кадр Бүгiн 2026, 15:51
Бүгiн 2026, 15:51
247
Фото: видеодан алынған кадр

Жол апатына қатысты сот отырысында куәгерден Hyundai Palisade көлігінің жүргізушісі болған Әсет Жақсылықов туралы сұралды. Куәгер оның өзін танитынын растағанымен, апаттан кейінгі байланыстарға қатысты нақты жауап бере алмады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сот барысында прокурор куәгерден Әсет Жақсылықовты танитынын сұрады. Бұған жауап берген куәгер оның жүзін танитынын айтты.

Иә, танимын. Көрсем, танимын. Біз таныспыз, – деді куәгер.

Одан кейін сотта жол апаты болған күні Әсет Жақсылықов куәгерге хабарласып, Александр Пактың көлігінен заттарын алып кетуді сұрады ма деген сауал қойылды.

Алайда куәгер мұндай әңгімені нақты есіне түсіре алмады.

Ондайды есіме түсіре алмаймын. Маған қоңырау шалды ма, жоқ па – нақты айта алмаймын. Мүмкін қоңырау болған шығар, бірақ мән бермеген шығармын, – деді ол.

Сондай-ақ куәгерден Александр Пак немесе өзге адамдар көліктен жеке заттарды, оның ішінде видеотіркегішті алып кетуді сұрады ма деген сұрақ қойылды.

Жоқ, ондай болған жоқ. Видеотіркегішті алып кету туралы ешкім айтқан жоқ, – деп жауап берді куәгер.

Айта кетейік, бұған дейін БАҚ-та көліктердің бірін Әсет Жақсылықов басқарғаны туралы ақпарат тараған болатын. Желідегі мәлімет бойынша, ол жуырда қызметінен босатылған Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Ержан Ұзабаевтың жеке жүргізушісі болған.

Еске сала кетейік, бүгін Алматыда 21 наурызға қараған түні үш адамның өмірін жалмаған жол апатына қатысты сот отырысы өтті. Сот куәгерлерден жауап алудан басталды. 

Сонымен қатар, бүгін үшінші жәбірленуші тарап та күдікті Александр Пакқа кешірім бергені белгілі болды. 

Тағы оқи отырыңыз: "Жүргізуші ештеңе айта алмады": Алматыдағы жол апатына алғаш жеткен полицейден жауап алынды 

Наверх