Бүгінгі сот отырысында іс бойынша куәгерлерден жауап алынады. Куәгерлердің бірі процеске онлайн қосыла алмады. Судья куәгердің келесі процеске офлайн қатысуын талап етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Сонымен қатар, сотта қайғылы оқиға болар алдында күдіктімен мейрамханада отырған куәгерден жауап алынды.
Куәгердің сөзінше, ол қайғылы оқиға болар алдында күдікті Александр Пакпен мейрамханада отырған. Олар шамамен 5 адам болып жиналған. Күдіктімен шамамен 1,5 жылдай таныс болғанын айтты.
Куәгер қайғылы оқиға туралы БАҚ-тан естігенін хабарлады.
Куәгер отырыс барысында алкогольге тапсырыс берілмегенін айтты.
Алайда сөзінше, тергеу барысында мейрамхана отырыстан кейінгі чекті іс материалдарына ұсынған. Чектегі ақпарат алкогольге тапсырыс берілген болып шыққан.
Еске салайық, басты сот отырысына жол апатында марқұм болған үш адамның тек екеуінің туыстары қатысқан болатын. Олар күдікті Александр Пакты кешірім беріп, тек шартты жаза тағайындауды сұраған болатын.
Сонымен қатар, сот отырысы барысында Пак кінәсін толық мойындады.
Ал жәбірленуші тараптың адвокаты Олег Чернов күдікті Александр Пактың жазадан құтылып кетуі екіталай екенін айтты.
Айта кетейік, іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі – екі немесе одан да көп адамның өліміне әкелген жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша тергелді.
Бұл бап бойынша ең ауыр жаза – 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру.
Тағы оқи отырыңыз: Әл-Фарабидегі жантүршігерлік апат: ІІМ татуласу жауапкершіліктен босатпайтынын мәлімдеді.