Алматыдағы жол апаты: 4 бала зардап шекті

22 Тамыз 2023, 12:39
652
Бөлісу:
Алматыдағы жол апаты: 4 бала зардап шекті
Фото: BAQ.KZ - архив

Алматыдағы әл-Фараби даңғылындағы ірі жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі. 

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жол-көлік оқиғасының салдарынан 7 адам зардап шекті. Олардың үшеуі – ересек адамдар, қалған төртеуі - балалар.

Бір ересек адам ауруханаға жатудан бас тартты, бас жарақаты бар және денелері көгерген екеуіне жедел медициналық көмек көрсетілді. Барлық жүргізілген медициналық тексерулерден кейін олар амбулаториялық емделуге жіберілді, – деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасынан.

Жол апатынан зардап шеккен төрт бала жедел медициналық көмек көрсету орталығына жіберілді.

Барлық қажетті медициналық тексерулер жүргізілді, білікті мамандар жағдайларын қарады. Тексеру кезінде дененің жұмсақ тіндерінің көгеруі байқалды, бас миының жарақаты мен нейрохирургиялық патологиясы туралы деректер анықталған жоқ. Барлық 4 науқас та үйден емделуге жіберілді, – дейді Денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Өзгелердің жаңалығы