Алматыдағы субұрқақтар 1 мамыр күні іске қосылады

29 Сәуір 2024, 11:32
332
Бөлісу:
Алматыдағы субұрқақтар 1 мамыр күні іске қосылады
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Мамырдың алғашқы күндерінде 60 субұрқақ іске қосылады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Әкімдіктің хабарлауынша, қаланың иелігінде 66 субұрқақ бар, оның 6-ы қайта жаңғыртылып жатыр.

«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында субұрқақтардың тостағандары, түптері, қабырғалары тазартылып, гранит плиталарын қалпына келтіру бойынша дайындық жұмыстары жүргізілді. Мамандар субұрқақтардың сәндік элементтерін бояды, электр жабдықтары мен сорғыларына, электр энергиясының инженерлік желілеріне, суық сумен жабдықтауға және кәрізге ревизия жүргізді. Коммуналдық қызметтерді жеткізушілермен сумен жабдықтау және электрмен жабдықтау жүйелері қайта консервацияланды. Дайындық жұмыстары барысында авариялық учаскелер анықталды, қазіргі уақытта инженерлік сумен жабдықтау және электрмен жабдықтау желілерін қалпына келтіру жұмыстары аяқталып жатыр, – дейді Алматы қаласының әкімдігі.

Өзгелердің жаңалығы