Алматыдағы сауда орталығында жүрген адамдар эвакуацияланды

16 Тамыз 2023, 15:47
702
Бөлісу:
Алматыдағы сауда орталығында жүрген адамдар эвакуацияланды

Алматыда Сәтпаев көшесінде орналасқан сауда ойын-сауық орталығынан адамдар эвакуацияланды. Ғимаратта жарылғыш зат орнатылғаны туралы ақпарат түскен, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Куәгерлердің сөзінше, келушілер мен қызметкерлерден шұғыл түрде ғимараттан шығуды сұраған.

Күтпеген жерден дабыл қағылды. Әкімшілік бәрін ғимараттан шұғыл түрде эвакуациялады. Бұл жерге полиция мен өрт сөндірушілердің көліктері келді, – деді сауда орталығына келген қала тұрғыны. 

Аталған жағдайға Алматы қаласының Полиция департаменті түсініктеме берді. 

Шұғыл әрекет ету қызметтері осы сауда орталығында тексеру шараларын жүргізіп жатыр. Хабарлама түскен сәттен бастап адамдар эвакуацияланды. Қала тұрғындары мен қонақтарын сабырлық сақтауға, түсіністікпен қарауға шақырамыз, – деді Алматы қаласының Полиция департаменті.

Өзгелердің жаңалығы