Алматыдағы қызылша ауруы: қандай жағдайда оқушылар онлайн оқуға көшіріледі

3 Сәуір 2023, 17:28
1674
Бөлісу:
Алматыдағы қызылша ауруы: қандай жағдайда оқушылар онлайн оқуға көшіріледі
Фото: gov.kz

Алматыда қызылшамен ауырған балалар саны артқан. Осыған байланысты Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті эпидемияға қарсы шаралар енгізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.


Ауру жұқтыру фактілерінің көпшілігі ұйымдасқан ұжымдар мен жалпы білім беретін мектептердегі балалар арасында байқалатындықтан, мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің осы жылдың 30 наурызындағы қаулысы дайындалып, келесідей пунктілері шығарылды:

• бұқаралық іс-шараларды онлайн-форматқа көшіру және жалпы білім беретін ұйымдарда кабинет жүйесін тоқтату;
• бір кабинет ішінде және мектепке дейінгі балалар мекемелері мен жалпы білім беру ұйымдарының аумағында балалар мен қызметкерлердің жиналуына жол бермеу.

Мұнда әр топтың өзіндік оқшаулануы туралы айтылған. Яғни, бір іс-шарада балабақшаның бірнеше тобы араласып, өзара қосылмауы керек. Әр топ бөлек, жеке-жеке айналысуы керек. Оқу жылы аяқталғанға дейін мектептерде және 30 мамырға дейін мектепке дейінгі балалар мекемелерінде Алматы қаласының білім басқармасына "Жоспарлы профилактикалық екпе алмаған балаларды мектепке дейінгі мекемелерге жіберу қағидаларын бекіту туралы" Денсаулық сақтау министрінің бұйрығын орындау ұйғарылды. Яғни, вакцинацияланбаған балалардың топтағы үлесі 10 пайыздан аспауы тиіс, – деді Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова.

Жағдай ушықса онлайн оқыту мәселесі де қаралады.

Бұл ауа-тамшы инфекциясы болғандықтан, 1 (бір) жағдай тіркелген кезде білім беру мекемелерінің басшылары балаларды онлайн форматта оқуға ауыстыру туралы мәселені қарастыруы керек, – деп атап өтті ол.

Өзгелердің жаңалығы