Алматыдағы өзен арналарының реконструкциясы кезінде кемшіліктер анықталды

Үлкен Алматы өзенінің бір учаскесін аралау барысында құрылыс жұмыстарының сапасына қатысты бірқатар кемшіліктер анықталды.

Бүгiн 2026, 15:44
АВТОР
 Алматы қаласының әкімдігі Бүгiн 2026, 15:44
Бүгiн 2026, 15:44
197
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Үлкен Алматы және Қарғалы өзендері арналарының реконструкциялау жұмыстарының барысын тексерді.

Жобалар аясында өзен жағалауларын бекіту, іргелес аумақтарды абаттандыру және тұрғындар үшін қауіпсіз қоғамдық кеңістіктер құру көзделген.

Үлкен Алматы өзенінің бір учаскесін аралау барысында құрылыс жұмыстарының сапасына қатысты бірқатар кемшіліктер анықталды.

Қала әкімі мердігер ұйымға барлық анықталған кемшіліктерді жоюды, нысанды жобалық талаптарға толық сәйкестендіруді және жұмыстардың сапасына бақылауды күшейтуді тапсырды, – делінген хабарламада.

Одан кейін Дархан Сатыбалды Жандосов көшесінен Рысқұлов даңғылына дейінгі аралықтағы Қарғалы өзені арнасының реконструкцияланып жатқан учаскесіне барды.

Жауапты басқармаларға құрылыс жұмыстарының барысын бақылауды күшейту, ал мердігер ұйымға технологиялық талаптарды қатаң сақтау және нысанды белгіленген мерзімде аяқтау тапсырылды.

Наверх