Алматыдағы өрт. Жедел желі ашылды

30 Қараша 2023, 11:34
403
Бөлісу:
Алматыдағы өрт. Жедел желі ашылды
Фото: Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ - архив

Хостелдегі өртке байланысты Алматы Төтенше жағдайлар департаменті жедел желіні іске қосты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы қаласы Алмалы ауданы Қабанбай батыр көшесі 123 үй Ади Шәріпов көшесінің қиылысы 86 мекенжайындағы хостелдегі өртке байланысты 8 727 278 20 83 және 8 727 278 20 84 нөмірі бойынша жедел желі жұмыс істейді, - делінген хабарламада.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін таңертең Алматыда орналасқан хостелдердің бірінен өрт шығып, 13 адамды ажал құшты. Белгілі болғандай хостелдің іске қосылғанына не бәрі 1,5 ай болған. Онда шетел азаматтары тұрған. Сонымен қатар өрттің шығу себептерін тексеру жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды. Өрттен зардап шеккендердің жағдайы туралы мәлімет белгілі болған еді. Сондай-ақ, өрт фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелген болатын.

Өзгелердің жаңалығы