Алматыдағы өрт. Йемендік студент қалай құтқарылғанын айтып берді

30 Қараша 2023, 11:18
1249
Бөлісу:
Алматыдағы өрт. Йемендік студент қалай құтқарылғанын айтып берді
PHOTO VIDEO
Фото: автордан

Йеменнен келген студенттер жағдайдың қалай болғанын айтты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Алматыдағы өрт. Йемендік студент қалай құтқарылғанын айтып берді

Өрт болып жатқанын естіп, құжаттарымызды, киімдерімізді алып шықтық. Өрт шыққанын естігенде қатты уайымдадым. Мен бірінші қабатта тұрдым. Қасымдағылар дін аман. Бөлмеміз есіктің маңайында болды. Дегенмен кейбірі шыға алмағаннан терезеден секірді. Кейбірі құжатсыз шыққан. Мен өзім Йеменнен келдім. Бұл жерде тұрып жатқаныма көп уақыт болмады. Мен ҚазҰУ-да медицина факультетінде оқимын. Біздің ЖОО осы жатақханамен келісімге келгендіктен, осында тұрып жаттық, - дейді йемендік студент. 

Эвакуацияланған шетелдік студент жатақханадан шығу үшін терезені сындырғанын айтты. 

Алматыдағы өрт. Йемендік студент қалай құтқарылғанын айтып берді

Өрт шыққанын білгенімізде қасымдағы адамдарға көмектестік. Біздің бөлмеде түтіннің исі қатты болды. Жанымыздағы адамдардың жағдайы ауыр болды. Өзіммен бірге керек дүниелерді алып үлгере алмадым. Мен бұл хостелге келгеніме бір күн болған. Мен кеше кешке келдім. Осындай жағдайдың орын алғаны өкінішті, - дейді Ахмед Абдулахмед есімді студент.

Алматыдағы өрт. Йемендік студент қалай құтқарылғанын айтып берді

Айта кетейік, бүгін таңертең Алматыда орналасқан хостелдердің бірінен өрт шығып, 13 адам қайтыс болды. Белгілі болғандай хостелдің іске қосылғанына не бәрі 1,5 ай болған. Онда шетел азаматтары тұрған.

Қазір Алматыдағы өрттің шығу себептерін тексеру жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды.

Сонымен қатар өрттен қаза болған адамдардың жеке басы анықталды.

Видео: автордан
Өзгелердің жаңалығы