Алматыдағы өрт. 10 адамның жеке басы анықталды

30 Қараша 2023, 11:04
2140
Бөлісу:
Алматыдағы өрт. 10 адамның жеке басы анықталды
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Хостел бір жарым ай бұрын ашылған, ғимарат Халық банкке тиесілі, банк оны кепілмүлік ретінде жалға берген

Қаза болғандардың ішінде көбі Қазақстандық. Қаза болған шетелдіктердің 1 - і Өзбекстан елінің, 1-і Саха Республикасының азаматы. 10 адамның  жеке басы анықталды. Бұл хостел Алматы қаласы жоғары оқу орындарымен студенттердің тұруы үшін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған жоқ, - дейді Ерболат Досаев. 

Студенттердің осы хостелде тұруына өтініш түспеген, студенттерді хостелге орналастыру жұмысы жүргізілмеген.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін таңертең Алматыда орналасқан хостелдердің бірінен өрт шығып, 13 адамды ажал құшты. Белгілі болғандай хостелдің іске қосылғанына не бәрі 1,5 ай болған. Онда шетел азаматтары тұрған. Сонымен қатар өрттің шығу себептерін тексеру жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды. Өрттен зардап шеккендердің жағдайы туралы мәлімет белгілі болған еді.

Өзгелердің жаңалығы