Алматыдағы хостелге жоғары оқу орындарымен студенттердің тұруы үшін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылмаған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов мәлімдеді.
Хостелде тұрып жатқан студенттер өздерінің жатақханаға мұқтаж еместігін ЖОО хабарлаған. Студенттердің бұл нысанға орналасқандығы туралы әкімдік өкілдері де, университет мамандары да хабардар болмаған. Келісімшартқа отырмаған. Алматыда өртенген хостел заңсыз жұмыс істеген, – дейді Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін таңертең Алматыда орналасқан хостелдердің бірінен өрт шығып, 13 адамды ажал құшты. Белгілі болғандай хостелдің іске қосылғанына не бәрі 1,5 ай болған. Онда шетел азаматтары тұрған. Сонымен қатар өрттің шығу себептерін тексеру жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды. Өрттен зардап шеккендердің жағдайы туралы мәлімет белгілі болған еді. Сондай-ақ, өрт фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелген болатын. Хостелдегі өртке байланысты Алматы Төтенше жағдайлар департаменті жедел желіні іске қосқан еді. Сонымен қатар хостел заңсыз жұмыс істегені анықталды.
Сонымен қатар Президент қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтып, Смайылов кінәлілер жауапқа тартылатынын ескерткен еді.