Алматыдағы өрт. Президент қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты

30 Қараша 2023, 14:40
916
Бөлісу:
Алматыдағы өрт. Президент қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты
Фото: BAQ.KZ - архив

Мемлекет басшысы Алматы қаласындағы хостелдердің бірінде қаза тапқан Қазақстанның және шетел азаматтарының жақындары мен туған-туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қайғылы жағдайға кінәлілер заң бойынша жауапқа тартылады. Үкімет пен әкімдікке зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсету тапсырылды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін таңертең Алматыда орналасқан хостелдердің бірінен өрт шығып, 13 адамды ажал құшты. Белгілі болғандай хостелдің іске қосылғанына не бәрі 1,5 ай болған. Онда шетел азаматтары тұрған. Сонымен қатар өрттің шығу себептерін тексеру жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды. Өрттен зардап шеккендердің жағдайы туралы мәлімет белгілі болған еді. Сондай-ақ, өрт фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелген болатын. Хостелдегі өртке байланысты Алматы Төтенше жағдайлар департаменті жедел желіні іске қосқан еді. Сонымен қатар хостел заңсыз жұмыс істегені анықталды.

Өзгелердің жаңалығы