Алматыда өртенген хостел заңсыз жұмыс істеген

30 Қараша 2023, 13:38
593
Бөлісу:
Алматыда өртенген хостел заңсыз жұмыс істеген
Фото: BAQ.KZ

Алматы әкімдігі хостел аумағында болған өртке қатысты мәлімет берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ғимараттың иесі - «КУСА Халык» ЖШС. Жалға алушы – «ALA Hostel» ЖШС, жалдау жөніндегі келісім шарт 21.09.2023 жылы жасалған.

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты: дүкенді пайдалану және қызмет көрсету үшін. Бұл нысан бір жарым ай бұрын хостелге айналды. Хостел алаңы 457 шаршы метр.

«Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңға сәйкес үй-жайларды қайта жабдықтау кезінде рұқсат құжаттарын алу керек. Оның үстіне Алматының қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы қайта жабдықтауға арналған бастапқы рұқсат құжаттарын (АПЗ, шешім) бермеген. Дүкеннен хостелге функционалдық мақсаты өзгерген кезде санитарлық-эпидемиологиялық, құрылыс талаптары мен өрт қауіпсіздігі ережелерін орындауы қажет, - делінген хабарламада.

Хостелді жертөле және жертөле қабаттарында орналастыруға санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың 23-тармағына сәйкес тыйым салынады.

Осылайша, жоғарыда аталған мекенжай бойынша хостел санитарлық-эпидемиологиялық, құрылыс талаптары мен өрт қауіпсіздігі ережелерін бұза отырып, заңсыз орналасқан.

Өзгелердің жаңалығы