Алматыдағы өрт. Ортопедиялық матрастар өртенген

30 Қараша 2023, 17:41
533
Бөлісу:
Алматыдағы өрт. Ортопедиялық матрастар өртенген
Фото: ТЖМ

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов мәлімдеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Жертөледе ортопедиялық матрас болған. Осылар үлкен көлемдегі өрттің шығуына себеп болған. Расымен-ақ, жертөледегі адамдарға сыртқа шығып, өзін-өзі құтқару қиын болған. Матрастар өртеніп, күйік иісі шыққан. Өрт сөндірушілерге жертөлеге кіру қиын болған. Дегенмен аз ғана уақыттың ішінде өртті сөндіріп, адамдарды алып шыққан. Айта кетейік, ғимарат дүкеннен хостелге функционалдық мақсаты өзгерген кезде, санитарлық-эпидемиологиялық, құрылыс талаптары мен өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмаған, – дейді Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов.

Өзгелердің жаңалығы