Алматыдағы нөсер жаңбыр: 10 балдық кептеліс болды

28 Наурыз 2024, 22:26
2540
Бөлісу:
Алматыдағы нөсер жаңбыр: 10 балдық кептеліс болды
Фото: автордан

Алматыда кешке жауған жаңбыр нөсерге ұласты, электр қуаты жаппай өшті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Қатты жел мен жаңбырдың салдарынан көлік кептелісі пайда болды, кептелістің деңгейі 10 балға жетті.

Алматы қаласының әкімдігі жедел кезекші мобильді бригада жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

Алматыдағы нөсер жаңбыр: 10 балдық кептеліс болды

Судың арық арқылы кедергісіз ағып кетуін қамтамасыз ету үшін түнгі ауысымға 49 жедел кезекші мобильді бригада шықты, оның ішінде “Алматы Тазалық” кәсіпорнының 33 бригадасы бар. Кезекші бригадалар су басуға бейім учаскелерге уақытылы шығарылды. Құлаған ағаштар дереу тазаланады. Кезекшілікке барлығы 344 бірлік арнайы техника, 21 мотопомпа және 163 жұмысшы шықты. Қосымша 2 300 қап құм дайындалды, - дейді Алматы қаласының әкімдігі.

Электр қуатының жаппай өшуіне "Алматы Қала Жарық" түсініктеме берді.

Алматыдағы нөсер жаңбыр: 10 балдық кептеліс болды

"Алматы Қала Жарық" және "Алатау Жарық Компаниясының" апатты бригадалары күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Кезекші бригадалар барлық өтініштерге жедел ден қояды және ақауларды тез арада жою үшін жұмыс істейді.Барлық ажыратулар туралы ақпаратты "АЖК" АҚ ресми сайтынан алуға болады www.azhk.kz, Алматы қаласының электр энергиясын ажыратудың интерактивті картасы бөлімінде. Электрмен жабдықтаудың үзілу себептеріне қатысты ақпаратты жедел ұсыну мақсатында "АлматыЭнергоСбыт" ЖШС "Байланыс орталығына" 356-99-99 телефоны бойынша хабарласуды ұсынамыз. Диспетчерлік пункттер тәулік бойы жұмыс істейді, - дейді "Алматы Қала Жарық".

Еске сала кетейік, қандай да бір аумақты су басса, жедел ден қою шараларын қабылдау үшін аудан әкімдіктеріне жүгінуге немесе +7 706 689 8898 нөміріне хабарлама жазыңыздар.

Өзгелердің жаңалығы