Алматыдағы көшкін. Тұрғындар құрылыс компанияларын кінәлап отыр

8 Ақпан 2024, 11:48
1936
Бөлісу:
Алматыдағы көшкін. Тұрғындар құрылыс компанияларын кінәлап отыр
PHOTO
Фото: автордан

Тау-Самал шағын ауданының тұрғындары лай көшкініне байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Төтенше жағдай болған ауданның тұрғыны Тұралы Өнербаев лай көшкіні бұл аймақта бұрын да болғанын айтады.

Алматыдағы көшкін. Тұрғындар құрылыс компанияларын кінәлап отыр

Бұл адам факторы. Құрылыс нормаларын сақтамай, суды жүргізе салады. Мен суды жүргізіп жатқанда жұмысшыларға "терең қазбаңдар" деп айтқанмын. Енді осы құбырды кім жүргізді анықтау керек. Мұндай жағдай бұған дейін де болды. Жаңа болған жердің ар жағынан 20 кубтай топырақ кетіп, сонда ағаштарды алып кеткен. Тек бір тоқ тірегі қалды. Ол кезде үйлерге зақым келген жоқ. Сонымен қатар бұл жерде кәріз жүйесі жоқ. Судың бәрі жиналып жатыр. Канализацияны ақшасы барлар өздері жүргізеді, ал ақшасы жоқтар қашан жасайды деп күтіп отырады. Соның бәрін жөндеу керек, әйтпесе тағы қайталануы мүмкін, – деді Тұралы Өнербаев.

Алматыдағы көшкін. Тұрғындар құрылыс компанияларын кінәлап отыр
Алматыдағы көшкін. Тұрғындар құрылыс компанияларын кінәлап отыр

Медеу ауданының тағы бір тұрғыны Ольга Татьянина құрылыс компанияларымен қауіпті жердегі құрылыс үшін жиі жанжал болатынын айтты.

Алматыдағы көшкін. Тұрғындар құрылыс компанияларын кінәлап отыр

Үйлер тура таудың үстінде салынған. Түнде лай көшкіні болды, үйді басып қалды. Қазір бір адамның денесі табылды. Қалған адамдарды әлі іздеп жатыр. Топырақ, лайды тоқтамай шығарып жатыр, соның әсерінен бүкіл көшелерде кептеліс. Түні бойы тоқтамай сиреналар ойнап, қорыққаннан ұйықтай алмадық. Біз әрдайым құрылыс компанияларымен "соғысып" жүреміз деуге болады. Таудың жоғары жағында 5 қабатты үй салып тастады. Осы үшін бізде күнделікті ұрыс-керіс болады. Үйлер тым көбейіп барады, жер шыдамай тағы да құлауы мүмкін. Лай басып қалған үйдің жанынан су ағып жатқын. Көршілері "суды тоқтаңдар" деп ескерттік дейді, – деп пікір білдірді Ольга Татьянина есімді тұрғын.

Алматыдағы көшкін. Тұрғындар құрылыс компанияларын кінәлап отыр
Алматыдағы көшкін. Тұрғындар құрылыс компанияларын кінәлап отыр

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда көшкін жүргені туралы жазған болатынбыз. ТЖМ шұғыл мәлімдеме жасап, соған байланысты Алматы қаласының әкімі шұғыл көшпелі кеңес өткізген еді. Лай көшкіннің астынан бір адамның денесі табылған болатын.

Өзгелердің жаңалығы