Алматы қаласының әкімі шұғыл көшпелі кеңес өткізді

8 Ақпан 2024, 08:45
26210
Бөлісу:
Алматы қаласының әкімі шұғыл көшпелі кеңес өткізді
VIDEO
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Қала әкімі Ерболат Досаев топырақтың лайлануы сапдарынан болған техногендік сипаттағы лай көшкіні болған жерге келді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Сол жерде қала басшысы бүлінген ғимараттарды аралап, шұғыл көшпелі кеңес өткізді.

Басты басымдық - іздеу-құтқару жұмыстары. Алдын ала ақпарат бойынша үйде тұратын адамдарды іздеу бойынша барлық жұмылдыру топтарының жұмысын үздіксіз қамтамасыз ету қажет, - деді Ерболат Досаев.

Көршілердің айтуынша, бұл үйде 4 адам тұратын.

Әкімнің тапсырмасы бойынша, оқиғаның себептерін тексеру және лай көшкіні салдарын жою бойынша арнайы топ құрылды.

Естеріңізге сала кетейік, 8 ақпанда Медеу ауданының «Тау-Самалы» шағынауданындағы Олимпийская көшесі бойында техногендік сипаттағы топырақтың лайлануы салдарынан лай көшкіні болған.

Өзгелердің жаңалығы