Алматыдағы көшелердің бірі 2 айға жабылады

27 Мамыр 2024, 16:44
346
Бөлісу:
Алматыдағы көшелердің бірі 2 айға жабылады
Фото: BAQ.KZ -архив

Қалада 40 жылдан астам уақыт бұрын пайдалануға берілген құбыр 28 мамыр мен 28 шілде аралығында реконструкцияланады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы «Алматы жылу желілері» ЖШС мәлімдеді. 

Жолдың астынан өтетін жылу желілерін қайта жаңарту учаскесінде жоспарлы жұмыстар жүргізіледі. 2024 жылғы 28 мамыр мен 28 шілде аралығында Байқадамов көшесінен Журавлев көшесіне дейінгі ұзындығы 673 метр Шопен көшесінің учаскесінде автокөлік қозғалысы жабылады. Жұмыстарды жүргізу кезеңінде осы аудан тұрғындары үшін ыстық сумен жабдықтау уақытша сызба бойынша сақталатын болады. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала анықтап алуды сұраймыз, – дейді «Алматы жылу желілері» ЖШС.

Өзгелердің жаңалығы