Алматыдағы Grand Park сауда орталығынан адамдар эвакуацияланды

8 Қыркүйек 2023, 12:53
774
Бөлісу:
Алматыдағы Grand Park сауда орталығынан адамдар эвакуацияланды

Алматыда Grand Park сауда ойын-сауық орталығынан адамдар эвакуацияланды. Ғимаратта жарылғыш зат орнатылғаны туралы ақпарат түскен, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.


Куәгерлердің сөзінше, келушілер мен қызметкерлерден шұғыл түрде ғимараттан шығуды сұраған. Аталған жағдайға Алматы қаласының Полиция департаменті BAQ.KZ тілшісіне түсініктеме берді. 

Алматы қалалық полиция Департаменті, бүгін сағат 9:47-де Алматы қаласы Әуезов ауданындағы сауда үйлерінің біріне жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабарлама келіп түскенін хабарлайды. Аталған нысанға қаланың төтенше және жедел қызметтері тартылды. Осындай хабарламаларға ден қою аясында бірінші кезекте сауда үйінің қызметкерлері мен келушілерді эвакуациялау жұмыстары жүргізілді. Сапер бөлімшелері жұмылдырылды. Ғимаратты тексеру 11 сағат 30 минутта аяқталды, – деді Алматы қаласының Полиция департаменті.

Сондай-ақ, жарылғыш зат қойылды деп жалған ақпарат берген адамды анықтау жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өттті.

Жарылғыш зат табылмады. Хабарласқан адамның жеке басы анықталып жатыр. Ол жауапкершілікке тартылатын болады, - деді Алматы қаласының Полиция департаменті.

Өзгелердің жаңалығы