Алматыдағы бұзық блогер жауапқа тартылды

11 Қараша 2020, 10:28
3084
Бөлісу:
Алматыдағы бұзық блогер жауапқа тартылды
VIDEO

Алматы, BAQ.KZ.  Метро вагоны мен автобус артына жабысып алып, видео түсіріп жүрген блогер жауапқа тартылды. Бұл туралы Алматы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Блогер заңға қайшы әрекеттерін камераға түсіріп, кейін интернет желісіне салып отырған. Полицияға ұсталған ол «желіде танымал болғым келді» дегенді айтып ақталғысы келген.

Жүріп бара жатқан көліктің артына жабысып алу адам өмірі мен жолдағы өзге көліктерге зардабын тигізетінін ол жақсы біледі. Сондай-ақ өзін полиция іздеп жүргенін білген ол заңнамалық жауаптан қашып жасырынып қалған. Дегенмен кеше кешке ұсталып, әкімшілік жауапқа тартылды, - дейді Метрополитендегі Полиция басқармасының бастығы Тимур Өсекбаев.

Өзгелердің жаңалығы