Алматыдағы автобус апаты: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

11 Наурыз 2024, 13:15
735
Бөлісу:
Алматыдағы автобус апаты: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
Фото: BAQ.KZ -архив

Алматының Алатау ауданында екі автобус соқтығысып, алты адам қалалық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.


Бұл туралы Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлімдеді. 

10 наурыз күні Өжет ықшам ауданы, Бекболат көшесі, 1/3 үйінің маңында екі автобустың соғылуы салдарынан орын алған жол-көлік апаты кезінде 6 адам түрлі дене жарақаттарын алды. Алматы қаласының №7 ҚКА -на 5 адам жеткізілді. Жол-көлік апатынан зардап шеккендер жан-жақты аспаптық зертеулерден, дәрігерлердің қарап-тексерулерінен өтті. Төрт адам амбулаториялық жағдайда емделуге жіберілді, бір адам стационарға емдеуге жатқызылды. Пациенттің жағдайы ауыр, тұрақты. Алтыншы пациент Алматы облыстық көп бейінді ауруханаға жеткізілді, – делінген таратылған мәліметте.

Өзгелердің жаңалығы