Алматыдағы автобус апаты: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

23 Желтоқсан 2023, 14:05
6290
Бөлісу:
Алматыдағы автобус апаты: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
Фото: әлеуметтік желіден

Жүргізуші мен зардап шеккендердің жағдайын қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Ведомствоның хабарлауынша, көп жері сынған 50 жастағы әйел жансақтау бөліміне жатқызылды. Науқастың жағдайы қосарлас жарақат пен жарақаттық шокқа байланысты ауыр.

55 жастағы ер адамға жабық бассүйек-ми жарақаты диагнозы қойылып, нейрохирургия бөліміне жатқызылды.

36 жастағы автобус жүргізушісі де жабық бассүйек-ми жарақаты және ми соғылуы диагнозымен нейрохирургия бөліміне жатқызылды.

Ал баланы N2 қалалық балалар клиникалық ауруханасында хирург, травматолог, нейрохирургтан тұратын көпбейінді бригада қарап, сол жақ тізе буынының жұмсақ тіндерінің соғылуы деген диагноз қойды. Гипс таңылып, амбулаторлық емдеуге үйге жіберілді.

Өзгелердің жаңалығы