Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі Абзал Қуандықұлы ауданның 10 айдағы атқарылған жұмыстары мен негізгі нәтижелері жайында есеп берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Аудан әкімі осы жылдың 10 айындағы қорытындысына сәйкес, ауданның экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінде оң динамика байқалғандығы жайлы айтты.
Атап айтатын болсақ, 2023 жылдың 10 айында бюджетке 165 млрд. теңге түскен. Бұл жылдық жоспардың 90% құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда 138% өскен. Өнеркәсіптік өнімін өндіру көлемі 10 айда 95 млрд. теңгені құраса, өнімнің нақты көлемінің индексі 102%, өсу қарқыны 105% жетті. Сонымен қатар, біз мемлекеттік бағдарламалар мен мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттық жұмыстарын белсенді жүргізудеміз. Жалпы сомасы 2,4 млрд. теңгеге 17 жоба қаржыландырылды, - деп атап өтті А. Қуандықұлы.
Бүгінгі күні Әуезов ауданында жол инфрақұрылымын дамыту, инженерлік желілер, жылумен жабдықтау, арық жүйесі, тұрғын үй, т.б. салаларда айтарлықтан өзгерістер еніп, жұмыстар атқарылған.
Мәселен аудан бойынша жалпы ұзындығы 11,4 км болатын 12 көше мен өтпелі жолдардың орташа жөндеу жұмыстары аяқтады. Осы жұмысты жалғастыру мақсатында 2024 жылы 32 көше мен өтпелі жолдарды орташа жөндеуге өтінім берілген.
Сонымен қатар аудан тұрғындарын сумен жабдықтау және су бұру желілерін жаңарту талап етілетін 4 проблемалық аумақ бойынша жобалар жоспарланып, іске асырылуды. Айта кетерлігі, аталған учаскелердегі су құбыры және кәріз желілері 1960-1970 жылдары салынғандығынан олардың 90% тозған.
Бірінші аумақ – «Достық» шағын ауданы, екінші аумақ – бұрынғы үш «Восход», «Садовод», «Ардагер» бау-бақша серіктестіктері, үшінші аумақ – «Мамыр-4» шағын ауданы, төртінші аумақ – «Саина-Шаляпина-Жандосова-Қарғалы өзені» көшелерінің алаңында су құбырларын ауыстыру жалғасуда. Аудан әкімінің айтуы бойынша, бұл жобаларды іске асыру барлық 4 аумақ бойынша 11 мыңнан астам тұрғынды сапалы сумен және кәріз жүйесімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Су мәселесімен қоса С. Қуандықұлы жылу беру мәселесіне тоқталды. Биыл «АлТС» ЖШС тарапынан Мамыр шағын ауданында және Саин көшесінің бойында ұзындығы 3,2 км жылу желілерін қайта жаңарту жүргізілуде.
Сондай-ақ ұзындығы 3 км болатын 2 аумақта (Алтынсарин даңғылы – 2,2 км және Қуанышбаев көшесі – 0,8 км) электрмен жабдықтаудың кабельдік желілерін қайта жаңарту жүргізілді.
Тұрғындардың көп шағым түскен арық жүйесі мен жасыл қор, санитарлық жұмыстар жүргізу мәселесіне әкім журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Жауын-шашын көп болатын кездерде көшелерді су алу аудандағы өзекті мәселелердің бірі. Наурыз айында ауданның магистральдық көшелерінде үнемі су басып қалатын 6 проблемалық аумақ су жиналмай, ағып кететін жүйемен жасалды. Осылайша, арық желілерін салу және өткелдердің диаметрін 300 мм-ден 1000 мм-ге дейін ұлғайту арқылы су басқан учаскелер жойылды, - деді Бостандық ауданының әкімі А. Қуандықұлы.
Биыл ауданда экология және қоршаған орта басқармасы 2 мың ең апатты ағаштарды бұзған. Сондай-ақ қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару бойынша жұмыстардың эстетикалық түрі мен өнімділігін жақсарту үшін экология және қоршаған орта басқармасы 19 көмілген контейнер алаңын салу бойынша жұмыстар жүргізді.
Шағымдардың ішінде аудан жарығына көңілі толтайтын тұрғындар да болды.
Аудандағы жарық мәселесіне келетін болсақ, бүгін де аудан 94% жарықтандырылғанын атап өткім келеді. Өздеріңіз білетіндей, жарықтандыру мәселесі әлі де бар. Жарық нүктелерінің негізгі көлемі аула аумақтарында орналасқан. Биылғы жылдан бастап орталықсыздандыру аясында аудан әкімдіктеріне сыртқы жарықтандыру желісін жобалау, салу және реконструкциялау бойынша функциялар берілгенін айта кеткен жөн, - деді Бостандық ауданының әкімі А. Қуандықұлы.
Бүгінгі таңда «Алматы Қала Жарық» жарықтандыру мердігері күн сайын жарық нүктелерін қалпына келтіру жұмыстарын күшейтуде 8 авариялық-қалпына келтіру бригадасының күшімен 30 мекен-жайға дейін қамтуда.
Соңғы кездері ауданда «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында ұлттық нақыштағы көптеген орындық, саяжай объектілері, жер асты жаяу жүргіншідердің өткелдері безендірілді. 2023 жылы қала тұрғындарынан 162 жоба келіп түскен. Оның ішінде тұрғындардың дауыс беру қорытындысы бойынша 715 млн.теңге сомасына 16 жоба іске асырылды.
BAQ.KZ. сайтына жауап ретінде аудан әкімі шамамен 2024 жылға жалпы сомасы 2,8 млрд.теңгеге 60 жобаны іске асыру жоспарлануда және бұл бағыттағы жұмыстар келесі жылы да өз жалғасатын табады деген жауап қайтарды.