Алматыдағы арықтар мен кәріз желілері тазартылды

25 Мамыр 2024, 18:05
373
Бөлісу:
Алматыдағы арықтар мен кәріз желілері тазартылды
Фото: gov.kz

Алматыдағы арықтар мен кәріз желілері жиі бітеліп қалады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кәріз люктерін ұрлау қаладағы басты мәселенің бірі. Соңғы айларда бірнеше люк қақпағы қолды болған. Бұл инфрақұрылымға ауыр зардаптар әкеледі.

Ашық құдықтарға сынған термометр, мерзімі өткен дәрі-дәрмек, аэрозоль, электронды құрылғы, жиһаз және ыдыс-аяқ тасталған.

Сондай-ақ, қала тұрғындары арықты, нөсер ағыны мен каналды тұрмыстық қоқыстан басқа да нәрсемен бітеп тастауын қояр емес. Шина, мультипісіргіш, газоблок, тіпті унитазды да табылған екен. Мұның бәрі жаңбыр кезінде қатты су тасқынына әкеледі.

Коммуналдық қызмет қала тұрғындарын қоршаған ортаны аялауға, кәрізді қоқыс жәшігі ретінде пайдаланбауға шақырады.

Кәрізге заттарды тастауға тыйым салынады, оған әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Тастауға болмайтын заттарға күріш пен макарон өнімі, құрылыс қоқысы, жаялық, әйелдер гигиенасы өнімдері, шаш және банкадағы жапсырма жатады.

Ұқыпты қарау апаттың алдын алуға, инфрақұрылымды дұрыс пайдалануға көмектеседі. Қалаға қамқорлық жасау – әрбір адамның міндеті екенін ұмытпайық!

Өзгелердің жаңалығы