Алматыдағы 5 адам қаза тапқан өрт: Күдікті бейнебақылау камерасына түсіп қалған

Алайда оның оқиғаға қатысы бар-жоғын ресми органдар растаған жоқ.

 istockphoto.com 27 Қараша 2026, 12:18
27 Қараша 2026, 12:18
95
Фото: istockphoto.com

Алматының Бостандық ауданында бес адамның өмірін қиған өртке қатысты жаңа болжам пайда болды. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, оқиға болған үйге өрт басталардан бірнеше минут бұрын кірген әйел бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Ол ғимаратта аз уақыт болғаннан кейін үйден түтін шыға бастағаны айтылады. Өрттің қасақана қойылған болуы мүмкін деген нұсқа да тексерілуі ықтимал. Алайда әзірге құқық қорғау органдары бұл мәліметтерді ресми түрде растаған жоқ және өрттің шығу себебі туралы ресми мәлімдеме жасамады. 

видеодан кадр

Еске салайық, қайғылы оқиға 25 қарашадан 26 қарашаға қараған түні болған. Өрт дәліз үлгісіндегі жеке тұрғын үйден шыққан.

Өрт ошағы ғимарат ішіндегі бөлмелердің бірінен шыққаны туралы болжам айтылды. Арнайы құрылғы арқылы жүргізілген алдын ала тексеру кезінде жанғыш зат ретінде бензин анықталған. Сондай-ақ бейнебақылау камерасына қара күртеше мен сұр бас киім киген әйелдің үйге кіргені түсіп қалған. Оның ғимаратта бірнеше минут қана болған, ал сыртқа шыққаннан кейін көп ұзамай үй өртенген деген болжамдар бар. 

Бұл деректер әзірге ресми түрде расталған жоқ. Өрттің қасақана қойылғаны немесе бейнежазбадағы әйелдің оқиғаға қатысы бар екені туралы нақты қорытынды жасалмады.  

Наверх